Әнші Жазира Байырбекова ұлы Қазбектің үнемі қайырымдылық жасап жүретінін, алайда оны көпшілікке жария қылмайтынын айтып отырып ағынан жарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазекемнің желідегі парақшасына қарасаңыз жұмбақ адам.
Ол жерде шынайы өміріндегі жұмысын, қайырымдылық жасап жүргенін, кәсіптерін мүлдем көрсетпеген.
Жақында туған жері Аралға барып салынып жатқан үлкен мешітке қаржылай өз үлесін қосып келді. Қызылордадағы балалар үйіне барып балаларды қуантыпты. Оны еш жерде салып, жарияламаған.
Бұдан былай мұндай істеріңді, еңбегіңді өзіңнен кішілерге үлгі ретінде,өзіңдей жігіттерге ой салу үшін көрсетіп тұрсаң дұрыс еді-ау, алтыным.
Мейірімді жүрегіңнен айналайын. Алла деніңді сау,өмір жасыңды ұзақ етіп бағыңды еселендірсін.
Ұлым өз табысының бір бөлшегін қайырымдылыққа жұмсап жүргенін көріп Ана бақытына бөленіп отырмын. Аллаға шүкір!
Сіздер балама «жақсы, адал қыз жолықсын» деп баталарыңызды беріп жіберіңіздерші», – деп жазды өнер иесі.