Нұрсұлтан Жақсыген биыл өзі үшін өте сәтті жыл өтіп жатқаны жайында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа фотосуреттерін жүктеп, өз ойын ортаға салған.
«Әлсіз адамдар сәтілікті күтеді, ал мықтылар оларды өздері жасайды. Бұл жыл сәттілікке толы болды Аллаға шүкір! Адам жас келген сайын қартаятын еді, ал мен жасарып бара жатқандаймын. Әйтпесе, 35-ке кетіп бара жатқанымды ешкімге айтпаңыздар...», - деп жазды әзілкеш.
Оның бұл жазбасын оқырмандары да жауапсыз қалдырмаған.
Олар: "Иә, сәттілік толы жыл болсын! Армандарыңа жете бер!", "Ата-анаңның ақ батасын алып, өсіп-өркендей бер", "Жаңа мүмкіндіктерге жол ашыла берсін" деп жазды.
Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі арыз жазғаны туралы ақпарат таратқан едік.