«8 ай төлемеді»: Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі арыз жазғанын айтты

/
«8 ай төлемеді»: Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі арыз жазғанын айтты
Коллаж: Turkystan.kz

Блогер Фариза Алмазқызы бұрынғы күйеуі актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты арыз жазғанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның сөзінше, экс-күйеуі 8 айдан бері алимент төлемеген.

«Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Сот орындаушысы шақырды. 8 айдан бері алимент төлемеген еді. Сол үшін арыз жаздым», – деп жазды Фариза.

Еске сала кетейік, жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген экс жұбайын ата-анама дауыс көтерді деп кінәлап, ажырасып кеткен еді. Кейін эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары