Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім беру саласындағы ынытымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2025-2026 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша грант ұсынылды.
Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
- бакалавриат – 70 орын;
- магистратура – 20 орын;
- үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.
Оқу тілі – тәжік/орыс тілі.
Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін мына жерден көре аласыздар.
Грант келесі шығындарды қамтиды:
- тегін оқу;
- мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайын стипендия;
- медициналық қызмет көрсету.
Ескерту: Қалған шығынды, оның ішінде көлік және тұру шығындарын грант иегері өз қаражаты есебінен төлейді.
Құжаттың толық пакеті 2025 жылғы 10 шілдеден 5 тамызға дейін қабылданады.
Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.
Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.
Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.