Фельдшерге оқ атқан жамбылдық жігіт іздестіріліп жатыр

/
Фельдшерге оқ атқан жамбылдық жігіт іздестіріліп жатыр
istockphoto.com

Жамбыл облысында Байзақ ауданының жедел жәрдем фельдшері оқ жарақатын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға жанжал салдарынан болған. 25 жастағы Салих Теміралы мен 24 жастағы Дәулет Марат дені сау адамға дефибриллятор қолдануға бола ма деген тақырыпта дауласып қалған. Жауап таба алмаған олар кеңес сұрап, жедел жәрдем фельдшері Жасұлан Бостанұлына жүгінген.

Медициналық қызметкер мұндай әрекет қауіпті екенін және адам өліміне әкелуі мүмкін екенін түсіндірген. Алайда Марат оған сенбей, тәжірибе жасап көруді ұсынған. Сөз таласы жанжалға ұласып, сол кезде Марат травматикалық қарудан Бостанұлына оқ атып, кеудесінен жаралаған.

Жарақат алған фельдшер аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты. Оқиғаға байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдікті іздестіріліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары