Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады.
КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр.
Мәселен, биыл 10 тамыздан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды.
«Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь «Белавиа» әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен орындайды.
Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады», — делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.