Backstreet Boys тобының концертіне билеттер сатылымы 14 шілде күні сағат 12:00–де Ticketon платформасында және Freedom Super App қосымшасы арқылы басталады. Бұл туралы «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлім етті.
Backstreet Boys тобының Алматы қаласындағы концерті 19 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді, Астана қаласындағы концерті 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді.
"Backstreet Boys тобының концертіне билеттер сатылымы 14 шілде күні сағат 12:00–де Ticketon платформасында және Freedom Super App қосымшасы арқылы басталады. Тағы бір айта кететін жайт, Backstreet Boys-тың Астанадағы концертінің билет бағасы топтың әлемдік турымен салыстырғанда арзан. Билет бағасы 40 мың теңгеден басталады", — деді Мәлік Хасенов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ концерт ұйымдастырушылары делдалдармен күресетіндерін айтып отыр, яғни билеттердің заңсыз сатылымына жол берілмейді.
"Бір адамға 4 билет ғана сатылады, билет сатылымы бойынша толық ашықтықты қамтамасыз етеміз", — дейді ол.