Талдықорғанда құбыр жарылып, ауаға табиғи газ таралып кетті

/
Талдықорғанда құбыр жарылып, ауаға табиғи газ таралып кетті

Талдықорғанда табиғи газ атқылап, иісі қаланы алып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.  Бейнежазбадан құбырдан будақтап шығып жатқан газды көруге болады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 10 шілде күні департамент қызметіне газ иісі бойынша шақырту келіп түскен.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жерасты жоғары қысымды газ құбырындағы тарату желісінен газдың жанусыз шығып жатқанын анықтады. Апат салдарынан өрт болған жоқ. Газдың шығуы уақытында тоқтатылды. Қазіргі таңда қауіп сейілді», — деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары