Қосшыда 8 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап, көз жұмды

/
Қосшыда 8 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап, көз жұмды

Қайғылы жағдай Қосшы қаласындағы оқу орындарының бірінде болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты kopsozkz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 8 жастағы бала төртінші қабаттың терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Полиция тексеру жұмыстарын бастады, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Билік пен қоғам тағы да ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары