Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді

/
Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді
istockphoto.com

8 шілдеде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілде 14:30-да жер дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан. Құлан ауылында 6 баллдық жер сілкінісі болған. Ал Меркіде – 3 балл.

Одан бөлек жер сілкінгені сезілген аймақтар:

  • Шу – 3 балл
  • Сарыкемер – 3 балл
  • Төле би – 3 балл
  • Тараз қаласы – 3 балл
  • Аса – 2 балл
  • Мойынқұм – 2 балл
  • Қордай – 2 балл
  • Бауыржан Момышұлы – 2 балл
  • Қаратау – 2 балл
  • Тұрар Рысқұлов – 2 балл.

Қирандылар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

 1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

 2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

 3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

 4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

 5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

 6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

 7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

 8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;

 9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

 10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары