Құлсарыда мопед мінген 12 жастағы бала қаза тапты

/
Құлсарыда мопед мінген 12 жастағы бала қаза тапты
istockphoto.com

Құлсары қаласында 7 шілде күні жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Жол қиылысында мопед мінген 12 жастағы бала автобусқа соғылып, қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz сайты HALYQSTAN телеграм арнасына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, «ПАЗ Вектор Некст» маркалы автобус бұрылып жатқан кезде, мопед қатты жылдамдықпен келіп, оның бүйірінен соққан. Қатты соққының салдарынан бала ауыр жарақат алып, шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазір бұл апаттың қалай және не себепті болғанын тергеу анықтап жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Бала неге мопед тізгіндегені де тергеліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары