Қарағандыда 8 жастағы бала үшінші қабаттан құлап кетті

/
Қарағандыда 8 жастағы бала үшінші қабаттан құлап кетті
istockphoto.com

Қарағандыда 3 шілде күні шамамен 18:30-да үшінші қабаттың терезесінен 8 жастағы бала құлап түсті, деп хабарлады turkystan.kz сайты eKaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Шахтерлер даңғылы бойындағы аулалардың бірінде болған. 2017 жылы туған бала үлкендердің қарауынсыз қалып, терезеден құлаған.

Бала түрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда баланың жағдайы – орташа ауыр деңгейде, бірақ тұрақты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары