Ақша мен материалдық байлықтың көп болуы адамның әлеуметтік ортасының саны мен сапасын арттырады деген түсінік – когнитивтік бұрмалау. Себебі мол байлық адамда оны сақтап қалуға қатысты алаңдаушылықты арттырады. Бұл туралы психология ғылымдарының докторы, профессор Вера Никишина РИА Новости-ге берген сұхбатында айтты.
"Жалғыздықты сезіну көбінесе адамның санасындағы елестермен байланысты. Солардың бірі – материалдық жағдай мен әлеуметтік ортаның саны мен сапасының арасындағы байланыс туралы иллюзия. Яғни, «бай болсам, жанымда көп адам болады, жалғыздықты сезінбеймін» деген қате ұғым", – деді психолог.
Ол табысы жоғары адамдарда жиі кездесетін ерекшелікке тоқталды.
"Олар кейде қастарында жүрген достары мен таныстарының шынайы ниетіне күмәндана бастайды. «Олар менімен шынайы араласып жүр ме, әлде байлығым үшін бе?» деген ой мазалап, адамда сенімсіздік пайда болады.
Үлкен қаржы – оны жоғалтып алмау үшін қосымша бақылау мен күшті талап етеді. "Оны біреу тартып алмасын, бұзылып не құрып кетпесін" деп алаңдау адамның уақыты мен көңіл-күйіне не әсер етеді", – деп нақтылады Никишина.
Психологтың айтуынша, қаржылық мүмкіндіктер адамның өмірін әртүрлі етуге көмектеседі, алайда көп жағдайда адамдар бұл туралы бөліскісі келмейді.
«Ресурстар өзімде қалсын, тек ешкім пайдаланып кетпесе болды» деген сақтық стратегиясы жиі таңдалады. Бірақ адамның миы табиғатынан әлеуметтік болып бағытталған. Біз өміріміздің алғашқы кезеңінен бастап-ақ адамдармен өзара байланыс орнатуға ұмтыламыз. Сондықтан әлеуметтік қарым-қатынастағы кез келген жетіспеушілік пен бұрмалаушылық біздің эмоционалдық жағдайымызға әсер етеді, – дейді маман.