Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің үшінші айналымына өтті

/
Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің үшінші айналымына өтті
olympic.kz

Теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екінші айналымда ол Грекия өкілі Мария Саккаримен (WTA 77) кездесті.

Бір сағатқа созылған матч Рыбакинаның пайдасына 6:3, 6:1 есебімен аяқталды. Ойын барысында ол алты эйс жасап, үш қос қателікке жіберді. Сондай-ақ, сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Енді ширек финалға шығу үшін Елена Рыбакина Дания теннисшісі Клара Таусонмен кездеседі.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары