Астанада тағы да автобус апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар

/
Астанада тағы да автобус апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар
видеодан скриншот

3 шілде кешінде Астанада маршруттық автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнынан видео әлеуметтік желілерде тарады. Жол апатынан жолаушылар зардап шеккендіктен, оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді.

"Астана қаласы ПД мәліметінше, Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Қосшығұлов және Серкебаев көшелерінің қиылысында жол айрығынан өту кезінде маневрін аяқтап жатқан көлікке жол бермей, Ford маркалы автокөлікпен соқтығысқан", – деп хабарлады Астана Полиция департаменті.

Жол апаты салдарынан автобустың жолаушылары зардап шекті. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары