Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты жүзге жуық сараптама тағайындалған

/
Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты жүзге жуық сараптама тағайындалған
Ғаламтор

2024 жылы Ақтауда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырауына байланысты тергеу аясында жүзге жуық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Баспасөз жиыны барысында Әзербайжан Бас прокуратурасының Тергеу басқармасының бастығы Неймат Авазов қазіргі уақытта әуе апатына байланысты шамамен 100 сараптама тағайындалғанын, олардың басым бөлігі жүргізіліп қойғанын мәлімдеді.

Соңғы күндері сараптамалық топтың бір бөлігі тиісті құрылымдармен жан-жақты және кең ауқымды талқылаулар жүргізу үшін Қазақстанға жіберілген.

Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын Әзербайжан мен Қазақстанның құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 2024 жылдың 25 желтоқсанында AZAL компаниясына тиесілі жолаушы ұшағы Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшырады. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары