Қазақстан құрамасы Македонияны ұтты

Қазақстан құрамасы Македонияны ұтты

Қазақстан құрамасы Македонияны ұтты
ашық дереккөзі
Футзалдан Еуро-2018 негізгі іріктеу кезеңінің топтық ойынында Қазақстан құрамасы Македония құрамасымен кездесті, деп хабарлайды dodasport.kz. Ойынның басты фавориті саналған Қазақстан құрамасы бірден шабуылға кірісті. Қарсылас қақпасына бірінші болып Лео гол соқты. Ойындағы екінші гол Қазақстан құрамасының керемет комбинациясынан соң болды. Шабуылды сәтті аяқтаған «Қайрат» клубының ойыншысы Серік Жаманқұлов болатын. Сөйтіп, ойын Қазақстан құрамасының пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, өз тобында бірінші орын алған құрама бірден Еуропа чемпионатына жолдама алады. Ал екінші орындағы команда қосымша жолдамаға таласуға мүмкіндік алады.