Алматыда өзбекстандық жасөспірім 20 күннен бері табылмай жатыр

/
Алматыда өзбекстандық жасөспірім 20 күннен бері табылмай жатыр
LIDER.KZ

Алматыда 16 жастағы Өзбекстан азаматы Амиров Ядгор 10 маусым күні із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz​​​​​​​ сайты волонтерлік LIDER.KZ ұйымына сілтеме жасап.

2009 жылы туған жасөспірім соңғы рет таңғы сағат 09:30 шамасында Наурызбай ауданы, Қарғалы ықшамауданы, Редько көшесі, 6-үйден шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ.

Белгілері: бойы — 160 см, дене бітімі — арық, шашы — қара, қысқа, көзі — қоңыр. Қол саусағында мең бар.

Киімі: сұр түсті кепка, ақ жейде, көк джинсы шалбар, қара кроссовка.

Кез келген ақпарат маңызды. Жасөспірім туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден құқық қорғау органдарына немесе LIDER.KZ еріктілеріне хабарласу сұралады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары