Танымал әзілкеш 18 жастағы қызын ұзатты (ВИДЕО)

/
Танымал әзілкеш 18 жастағы қызын ұзатты (ВИДЕО)
скриншот

«Нысана» театрының мүшесі, танымал актер Дәнекер Оразбай Шымкентте үлкен той жасап, қызын ұзатты, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Әзілкеш желіде қызының ұзату рәсімінде жыламаймын деп сендіргенімен, қоштасар кезде көз жасына ерік берген видеосын жариялады.

«Кішкентай қыз ғой әлі. 1 жыл күтсе болар еді ғой», – деп көңілі босап, қимастықпен көзіне жас алды.

Желі қолданушыларының бірі тілек жазып, жылы лебіздерін білдірсе, бірі таңданысын жасырмады.

«Қызы әлі кішкентай емес пе еді?», «Қыз кеткенде жүрегі жібімейтін, көзіне жас келмейтін әке жоқ шығар», «18-де ғана екен, қыздар тұрмысқа асықпаңдаршы», «Дәке жыламаңыз, қыздың мұраты кету ғой, қызы бақытты болсын», - деп жазды олар.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары