Діни басқарма: Қарақат Әбілдина мешіт әдебін орындамады

Діни басқарма: Қарақат Әбілдина мешіт әдебін орындамады

Діни басқарма: Қарақат Әбілдина мешіт әдебін орындамады
ашық дереккөзі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қарақат Әбілдинаның мешітте атап өтілген туған күніне қатысты пікір білдірді. Басқарма NUR.KZ порталына берген жауабында:

 - Жуырда әнші Қарақат Әбілдина тарапынан «Әзірет Сұлтан» мешітінің төменгі қабатында орналасқан мейрамханада қыз-келіншектермен сырласу кешін өткізу туралы өтініш түсті. Небары 30-дан астам әйел жамағаты жиналған кездесуде Құран оқылды, уағыз-насихат айтылды, салт-дәстүрге сай жоралғылар орындалып, ғибратты толғау-термелер шырқалды.
Алайда жиын соңында туған күнді атап өтіп, шараны әншінің эстрадалық әнімен қорытындылау туралы келісім болмаған. Өйткені, мұндай үрдіс – мешіт әдебі мен тәртібіне қайшы. Бұл мәселе ұйымдастырушыларға түсіндірілуде. Айта кетер нәрсе, мешіттің төменгі қабатындағы мейрамханада дін мен дәстүрге сай рухани кештер мен ізгілікті іс-шаралар, құдайы астар, тілашар, балаға ат қою, тұсаукесер сынды ұлттық мерекелік рәсімдер ұйымдастырылып тұрады. Бір айта кетерлігі, мұндай игілікті басқосулардың дауысы мен дыбысы негізгі құлшылық залына естілмейді, - деп мәлімдеді.