Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Назым Қызайбай мен Әнел Сақыш Астанадағы Әлем кубогінің алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді.
48 келіге дейінгі салмақта бокстасатын ол Канада өкілі Приянка Диллонмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Ал 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын германиялық Татьяна Обермайермен жұдырықтасты. Нәтижесінде Әнел Сақыш қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті.
Осылайша, екі боксшы да келесі кезеңге өтті.