Қазақстандық оқушылар АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында өткен ISDC-2025 конференциясында YURT деп аталатын жобаларын сәтті қорғап шықты, деп хабарлады turkystan.kz сайтына Qazaqstantv арнасына сілтеме жасап.
Жоба Жердегідей тартылыс күші бар 30 000 адамға ұзақ уақыт өмір сүруге мүмкіндік беретін автономды орбиталық станция ретінде әзірленген. Оның құрамына жабық экожүйелер, Жер мен басқа планеталар арасындағы логистикалық байланыс пен тұрақты энергетикалық және ресурстық инфрақұрылым кіреді.