Астана қаласындағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды.
Желіде тараған видеодан аялдамадағы әйнектің сынғанын көруге болады.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші автобустың сыртқы айнасымен аялдама құрылымын соққан.
Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.