Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі келісілген матчтар бар екенін ашық мойындады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан футбол федерациясы мәселесінің бар екенін ашық мойындайды. Бұл – өткеннің ауыр мұрасы. Қазіргі Федерация басшылығы бұл мәселе бойынша аяусыз күрес жүргізіп жатыр.
Мұны жаппай жемқорлық деп түсінбеу керек. Ондай оқиғалар сирек кездеседі, бірақ соның өзі қатаң жазалануы керек. КФФ әділ ойынға қарсы кез келген әрекетке мүлдем төзбеушілік ұстанымын ұстанады.
Біздің бастамамызбен заңнамаға бірқатар өзгерістер әзірленді. Онда жауапкершілікті күшейту, тіпті қылмыстық жаза қарастыру ұсынылған. Қазір бұл ұсыныстар депутаттармен және тиісті органдармен талқыланып жатыр. Бұл — ұстанымға қатысты мәселе. Қазақ футболында ойынның абыройын сатып жүргендерге орын жоқ», - деді ол Телеграмдағы жеке парақшасында.