Шығын 600 млн теңге: «Қазмұнайгаз Инвест» қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді

/
Шығын 600 млн теңге: «Қазмұнайгаз Инвест» қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді
istockphoto.com

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Тергеу департаменті басшысының орынбасары Кеңесары Бақбанұлы мәлімдеді.

— 2025 жылдың көктемінде біз «Қазмұнайгаз Инвест» пирамидасына қатысты тергеуді бастадық. Шымкент қаласының үш тұрғыны (Арзықұлова З.Н., Қалмұрзаева Г.У., Өміршаева А.Т.) TikTok-тағы «zukhra_hanym» және «zukhra_koshmar» аккаунттары арқылы салымшыларды тартқан — жалпы саны 12 мыңнан астам жазылушы. 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы наурызға дейін олар 200-ден астам салымшыны тартып, шамамен 600 миллион теңге жинаған. Бұл қаражатқа BMW X5, TANK 500 автокөліктері, тойхана мен 438 миллион теңге тұратын коттедж сатып алған — барлығы жалған тұлғалар атына тіркелген, — деді спикер.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауға алынғанын, ал мүлік сот шешімімен тәркіленгенін айтты.

Жыл басынан бері Қазақстанда 41 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары