Павлодар облысында мектеп оқушыларына вейп сатқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Заңсыз саудамен айналысқандар тыйым салынған өнімді Telegram мессенджері арқылы саудалап келген. Олардан 6000-ға жуық вейп тәркіленген.
Ал егер аталған өнім сатылғанда қылмыстық табыс 100 миллион теңгеден асатын еді.
Ең қызығы тұтынышулардың басым бөлігі мектеп оқушылары мен жасөспірімдер.
Айта кету керек, вейп қолдану денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді. Өйткені, олардың құрамындағы заттар жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне кері әсер етеді. Инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады.