Қазақстандық актер Санұржан Сүлеймен АҚШ-та өртеніп жатқан көліктен ер адамды құтқарып алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Лос-Анджелес маңында болған.
Куәгер Айдана Сахаридің айтуынша, көлік жардан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Санұржан бір сәтке де ойланбастан жанып жатқан көлікке жүгіріп барып, зардап шеккен адамды сыртқа шығарған. Оның ерлігі мен батылдығының арқасында ер адам аман қалды. Кейін оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері келіп жеткен.