60 күн бойы бір орында жатқан жігітке NASA 16,5 мың еуро сыйақы берді

/
60 күн бойы бір орында жатқан жігітке NASA 16,5 мың еуро сыйақы берді
сурет: Photo courtesy DLR (German space agency).

NASA жүргізіп жатқан ерекше зерттеу аясында бір жігіт 60 күн бойы төсекте қозғалмай жатқаны үшін €16 500 сыйақы алды. Ғарыш жағдайын зерттеуге арналған бұл тәжірибеге қатысушылар толықтай қозғалыссыз күйде, тіпті басы сәл төмен бұрышта орналасқан жағдайда жатуға тиіс, деп хабарлайды turkystan.kz nasa.gov-ке сілтеме жасап.

Қатысушының айтуынша, бұл оңай емес. 60 күн бойы тұруға, тіпті сәл ғана бүгіліп, аяқ созуға да рұқсат жоқ. Бөлмеде тәулік бойы бақылау жүргізіледі. Барлығы стримге түсіріледі, әр қимылыңыз бақылауда болып, есептеледі.

Зерттеу аяқталғаннан кейін оңалу да оңай емес: алдымен екі апта арбада, кейін қайтадан тұру, жүру, тіпті отыруды үйренуге тура келеді. Оның айтуынша, отыру – ең қиын кезең болған.

NASA-ның келесі қатысушыларды іріктеуі 2028 жылға дейін жалғасады. Егер сіз де осындай тәжірибеге дайын болсаңыз, өтінім беруге мүмкіндігіңіз бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары