Әлеуметтік желіде белгісіз біреу өзбекстандық үш жасар баланы OLX онлайн платформасында сатуға шығарған. Жарнамаға сәбидің фотосы қойылған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Аталған оқиға бірден балалар омбудсменінің назарын аударды. Олар жағдайды ерекше бақылауға алды.
Уәкілдің өтініші бойынша, ішкі істер органдары бұл істі қолға алды. Қазір шын мәнінде не болғаны және оның артында кім тұрғаны тексеріліп жатыр.
«Мұндай әрекеттер баланың өмірі мен бостандығына тікелей қауіп төндіреді. Осындай қылмыстарға қатал реакция білдіру керек», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары қазір тергеу жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта ресми құқықтық баға беріліп, кінәлілер жазаланады. Балалар омбудсмені егжей-тегжейлі ақпаратты кейін беруге уәде етті.