Үкімет Жезқазғанның жылу желілерін жөндеуге 2,8 млрд теңге бөлді

/
Үкімет Жезқазғанның жылу желілерін жөндеуге 2,8 млрд теңге бөлді
Үкімет. Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет Ұлытау облысы Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасының үшінші іске қосу кешенінің екінші кезегін жүзеге асыру үшін резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жезқазған қаласы жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымды құрайды. Нысан 1951 жылы пайдалануға берілген, тозуы – 56,6%. Жылу желілері цехында 1969 жылы іске қосылған 8 сорғы стансасы бар. Жылыту маусымында жылу желілерінің тозуы жылумен қамтуға кері әсерін тигізуде. Ресурстардың айтарлықтай шығыны орта есеппен 35-40%-ға жетеді, бұл қолданыстағы және салынып жатқан нысандарды жылу желілеріне қосуға мүмкіндік бермейді.

Қаланың кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, бастапқы жоба түзетілді: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал реконструкциялауға жататын желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылды.

Үкімет резервінен бөлінген 2,8 млрд теңге жобаны аяқтауға және 98 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың жылу желілерін сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары