Қытайдағы тасқын: Су деңгейі 6 метрге көтеріліп, адамдар үйлерін тастап кетіп жатыр

/
Қытайдағы тасқын: Су деңгейі 6 метрге көтеріліп, адамдар үйлерін тастап кетіп жатыр
Фото: x.com/XHNews

Қытайдың оңтүстік-батысында қатты су тасқыны салдарынан 80 000-нан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Гуйчжоу провинциясының екі ауданында толассыз нөсер жаңбыр мен жоғарғы ағыс суының көбеюінен су тасқыны орын алып, жаппай эвакуациялау басталды.

«Жунцзян ауданында уақытша 48 900 тұрғын, ал Цунцзян ауданында 32 000 адам эвакуацияланды. Екі ауданда да тасқынмен күресу бойынша төтенше жағдайға әрекет ету деңгейі ең жоғары — 1-деңгейге көтерілді», – делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, Дулиу өзеніндегі су деңгейі ескерту шегінен 6,68 метрге жоғарылаған.

«Құтқару топтары, оның ішінде өрт сөндірушілер мен еріктілер, қайықтар мен басқа да жабдықтарды пайдаланып, құтқару жұмыстарын жүргізуде», – деп көрсетілген ақпаратта.

Сондай-ақ, провинциялық төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді: 30 000 бөтелке ауыз су мен 10 000 порция тез дайындалатын кеспе, олар жоғары жылдамдықтағы пойыздармен және автокөлікпен жеткізілді.

«Гуйчжоуда нөсер жауын салдарынан көшкін жүріп, Санду ауданындағы жылдам автожол көпірінің бір бөлігі құлады. Қазіргі уақытта құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары