Өскеменде тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында жүргізуші алты көлікті соғып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әуелде ол бір машинаны жолға итеріп шығармақ болған. Кейін тоқтап, жаяу кетіп қалған. Куәгерлердің айтуынша ол мас болған болуы мүмкін. Сондай-ақ автокөлік оның тәтесіне тиесілі екені белгілі болды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.