25 маусымда Астана уақытымен 08:53-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Эпицентрі 44,220° солтүстік ендік және 86,580° шығыс бойлық координаталарында орналасқан – Алматы қаласынан шамамен 789 шақырым солтүстік-шығыста.
Есептік деректер бойынша, жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілуі тіркелген жоқ, халық пен инфрақұрылымға қауіп төніп тұрған жоқ.
Жағдай сейсмологтардың бақылауында.