Twitter АҚШ-ты сотқа берді

Twitter АҚШ-ты сотқа берді

Twitter АҚШ-ты сотқа берді
ашық дереккөзі
Twitter Inc. компаниясы есептік жазба иелерінің бірінің жеке деректерін алу талабы үшін АҚШ үкіметін сотқа берді, деп хабарлайды NBC News. Басылымның мәліметтері бойынша, Сан-Франциско округтік сотына берілген талап-арызда өзін АҚШ Азаматтық және иммиграция үкіметтік қызметіні (USCIS) аккаунтының аламасы ретінде атайтын @ALT_uscis парақшасына қатысты мәселе көтеріледі. Twitter адвокаттары 14 наурызда компанияға шекара-кедендік қызметінен АҚШ президенті Дональд Трампты және ол жүргізіп отырған иммиграциялық саясатты сынайтын жазбалар жарияланатын микроблоктың логині, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы және IP-мекенжайы туралы деректерді ұсыну туралы құжат келіп түскенін айтады. Twitter мұндай сұрау салудың заңға қайшы келетінін айтып отыр. Компания заңгерлерінің пікірі бойынша, шекара қызметі алдымен қылмыстың немесе құқық бұзушылықтың орын алғанын және аккаунт иесінің деректерін жасырып ұстау тексерулерге кедергі келтіретінін дәлелдеуі тиіс. дереккөз: Lenta.ru