24 маусым күні Алматы қаласындағы Көктем ықшамауданында кейуана көлік астына түсіп, алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, 1948 жылы туған әжей аулада жүріп бара жатқан. Сол сәтте Infiniti FX35 жол талғамайтын көлігі артқа қарай қозғалып оны қағып кеткен. Болжам бойынша, жүргізуші азық-түлік арқалап үйіне қайтып келе жатқан әжені байқамаған.
Құқық қорғау органдары подъезд алдындағы бейнебақылау камераларын қарап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Жүргізуші ұсталды.