Президент Судья және сот қызметкерлері күнімен құттықтады

/
Президент Судья және сот қызметкерлері күнімен құттықтады
Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Судья және сот қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті Судьялар және сот қызметкерлері Биыл – сот төрелігін атқаруға жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі саналатын Қазақстан Конституциясы қабылданды», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары