Әнші Наркенжеге шүйліккен директордың студент қыздарға қырындағаны туралы ақпарат тарады

/
Әнші Наркенжеге шүйліккен директордың студент қыздарға қырындағаны туралы ақпарат тарады
Ашық дереккөзден

Түркістан қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі Наркенже Серікбаеваның басшылық жайлы үндеуінен соң директор жайлы тың ақпараттар пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. Әншінің оқырмандары бұған дейін де филармония басшысынан озбырлық көргендерін жасырмады.

«Наркенже ханымның айтып отырғаны Ерназаров Ғалымжан ба? Ол кісі МКТУ-да мұғалім болған. Маған да тиіскен», «Құқық пәнінен сабақ берген. Студенттерге тиісіп мені алдап шақырған кафесіне. Түркістанда "Скай" деген кафесі бар. Мені шақырып қырындап төсекке тартқан. Қорқып қашып кеткенмін. Бұл кісі өте нашар адам», «Қазір отбасылы адаммын. 2019 жылы болған жағдайлар, сондықтан араласқым келмейді», - деген секілді хаттар әншіге келіп түскен.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаева басшысынан теперіш көргенін жайып салған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары