ТЖД Жамбыл облысының тұрғындарына ескерту жасады

/
ТЖД Жамбыл облысының тұрғындарына ескерту жасады
istockphoto.com

24 маусымда Жамбыл облысында Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) оқу-жаттығу шарасын өтеді. 

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасына сәйкес, 2025 жылғы 24 маусымда сағат 11:00-де облыс аумағында "Баршаның назарына!" дабыл белгісі беріледі.

"Дабыл электр сиреналары, сиреналық-дауыс құрылғылары және телерадио арналарын бұғаттау арқылы жүзеге асырылады", – деп атап өтті департамент.

Бұл төтенше жағдай емес, жоспарлы оқу-жаттығу жиыны екенін баса айтқан жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары