Қазақстан жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жетті

/
Қазақстан жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жетті
olympic.kz

Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының өкілдері Клим Рюхов пен Владислав Мастихин ел қоржынына алтын медаль салды. Отандастарымыз финалда Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 есебімен (21:19, 21:16) жеңді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан волейболы тарихындағы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің командалар тек екінші және үшінші орындармен шектеліп келген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары