Астана қаласының Нұра ауданында орналасқан кофеханадан өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Тұран көшесінде орналасқан 17 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кофеханада болды. Өрт сөндірушілердің мәліметінше, асханадағы желдету жүйесінде май қалдықтары мен қоқыс жанып кеткен.
Шақырту бойынша жедел жеткен ТЖД қызметкерлері өртті жарты сағаттың ішінде толық сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.