Еліміздің көптеген өңірінде күн бұзылып, дауыл соғады. Кей өңірлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
amgrad.ru
Жарнама
Квартиры в ЖК «АМГРАД». Выгодные цены от 3,6 млн
Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 23 маусымда түнде найзағай күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. Қостанайда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталды.
Астанада таңертең және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз орталықта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында найзағай күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай,бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаевта күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде найзағай күтіледі.