Астана маңындағы ұшақ апатына қатысты тың дерек шықты

/
Астана маңындағы ұшақ апатына қатысты тың дерек шықты
Фото: Ольга Ибраева/NewTimes.kz

Астана маңында құлаған жеңіл моторлы ұшақ апатынан екі адам қаза тапқанын көліктегі полиция департаменті растады. Апат ұшқыш пен жолаушының өмірін жалмаған, деп жазады turkystan.kz.

"Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр", - делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

«Авиациялық оқу орталығының» меншігі емес және орталығының мәліметінше, UP LA 161 маркалы әуе кемесі Жоламан аэродромының аумағында тек сақтау шарты негізінде орналастырылған. Ұшақтың иесі – А.К. Касенов. Компания:

әуе кемесін басқаруға да,

оның техникалық жай-күйіне жауап беруге де міндетті болмаған.

«Апатқа ұшыраған әуе кемесі біздің орталыққа тиесілі емес. Ол тек келісім негізінде аэродром аумағында сақтауда тұрды», – делінген хабарламада.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай:

Пилот ұшуға өзі шешім қабылдаған,

Ұшуға дайындық, брифингке өтінім беру сынды барлық әрекетті жеке өзі орындаған,

Бұл рейс «Авиациялық оқу орталығының» оқу бағдарламасына қатысы болмаған.

Орталықтың мәліметінше, ұшақта болған екінші адам – оқу орталығының қызметкері. Бірақ ол бұл рейске қызметтік міндеті аясында емес, жеке бастамасымен қатысқан.

«Ұшу ұшақ иесінің бастамасымен жүзеге асырылды және біздің компанияның операциялық қызметіне қатысы жоқ. Қаза тапқандардың жақындарына қайғырып, шын жүректен көңіл айтамыз», – делінген мәлімдемеде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары