Оралда 12 жақтағы қыз жарты келі шаш жұтып қойған

/
Оралда 12 жақтағы қыз жарты келі шаш жұтып қойған
Фото: gov.kz

Орал қаласында дәрігерлер сирек кездесетін жағдаймен бетпе-бет келді – 12 жастағы қыздың асқазанынан жарты келіге жуық шаш алынған. Бұл туралы жергілікті медициналық мекеме мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қыз бірнеше ай бойы іштің ауыруына, тәбеттің болмауына және әлсіздікке шағымданып жүрген. Ата-анасы алғашында бұл белгілерге қатты мән бермегенімен, жағдай нашарлай түскен соң, Орал қаласындағы ауруханаға жүгінген.

Тексеру барысында дәрігерлер оның асқазанында үлкен көлемді бөгде зат – тығыздалған шаш массасы (трихобезоар) бар екенін анықтады. Бұл – трихотиломания және трихофагия деп аталатын психологиялық бұзылыстардың нәтижесінде пайда болатын жағдай. Яғни, адам шашын жұлып, оны жұта береді.

Қызға шұғыл операция жасалып, дәрігерлер шамамен 500 грамм шашты асқазанынан алып шыққан. Ота сәтті өткен, қазір пациенттің жағдайы тұрақты.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі және уақытында емделмесе, ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Қызға медициналық көмекпен қатар, психологиялық қолдау да қажет болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары