Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

/
Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Фото: qamqor.gov.kz

Қазақстанның Бас прокуратурасы Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

Мекеме өкілдері тілшімізге хабарлағандай, Мұрат Боранбаев тәртіп сақшыларына өз еркімен келіп, ұсталған. Ол кінәсін мойындап, заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы процессуалдық келісімге келген.

Сонымен бірге сот қаулысына сәйкес, Боранбаев кінәсін мойындау және заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы процессуалдық келісімнің талаптарын орындауына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол келтірілген шығынды толығымен өтеген.

Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұратқа іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.

Осыдан бірнеше ай бұрын бұған дейін AlanParking ЖШС басшысы болған Мұхтар Базарбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары