Мұнай өнімдерін заңсыз сақтаған кәсіпорынға айыппұл салынды

/
Мұнай өнімдерін заңсыз сақтаған кәсіпорынға айыппұл салынды
istockphoto

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысқан ірі кәсіпорындардың бірін анықтады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып саналады (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен.

"Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, құқық бұзушы өз кінәсін мойындамаған.

Іс барлық 3 сатыдан өтіп, тек Жоғарғы Сот қана түпкілікті нүкте қойды - кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары