Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Нұрбек Оралбай ең үлкен арманын ортаға салды, деп хабарлайды turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
«Ең үлкен арманым – Олимпиада чемпионы болу. Содан кейін кәсіби бокста Геннадий Головкин секілді үлкен белестерді бағындырып, белбеулердің бәрін ұту», – дейді боксшы.
Сонымен қатар ол алда қандай жарысқа араласатынын жария етті.
«Алда Астанада қаласында Әлем кубогі өтеді. Сонда бақ сынап, еліміздің Туын көтеруге барымызды саламыз, еңбек етіп жатырмыз», – дейді Н.Оралбай.