Атырауда оттан қабанның төлі құтқарылды

/
Атырауда оттан қабанның төлі құтқарылды
ТЖМ

Атырау облыстық ТЖД қызметкерлері қамыс өртін сөндіру кезінде жабайы жануардың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Ақ Жайық» МТР аумағында өрт сөндірушілер қалың өскін арасынан әлсіз дыбысты естіген. Қырағылық танытқан құтқарушылар түтін мен жалын ортасында адасып, табынынан көз жазып қалған жабайы қабанның төлін байқайды. Әлсіреген, бағытынан жаңылған жануар қауіпті жерде қалып қойған.

Уақытты жоғалтпай, құтқарушылар төлді қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарылған жануар резерват қызметкерлеріне табысталды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары