"Спорттық тәртіпке қайшы әрекет": Жапониялық балуан қазақстандық атлеттен кешірім сұрады

"Спорттық тәртіпке қайшы әрекет": Жапониялық балуан қазақстандық атлеттен кешірім сұрады
kaz_judoteam

Жапониялық дзюдошы Гоки Таджима әлем чемпионатында қарсыласы болған қазақстандық балуан Мейірлан Максимнен кешірім сұрады.

Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясының төрешілер жұмысына жауапты супервайзерге Будапешттегі әлем чемпионатындағы Мейірлан Максим/Гоки Таджима (Жапония) белдесуіне қатысты мәселе көтерген болатын. IJF жарақат әдейі емес, әдіс жасау барысында сәтсіз қимыл нәтижесінде пайда болғандықтан белдесуде жапониялық спортшы тарапынан ереже бұзылмағаны, сәтсіздік спорттық тәртіпке қайшы әрекет ретінде тіркелмейтінін түсіндірді. IJF супервайзерлері Жапония құрамасының жаттықтырушы тобына спортшыларды аталған әдісті (o soto gaeshi) сақтықпен жасауды ескертті.

Мейірлан Максим ұлттық құрама дәрігері мен Әлем чемпионатының медициналық тобының нұсқаулығымен Будапештте ауруханада шұғыл тексеруден өтті. Нәтижесінде «Тізенің медиалды бүйір байламының үзілуі мүмкін деген күдік бар» деп диагноз қойды. Жарақатқа байланысты нақты ақпарат қосымша толыққанды тексеруден кейін беріледі. Қазір Мейірлан Максим жарақатын шұғыл емдеу мақсатында Қазақстанға аттанды.

Белдесуден кейін жапониялық Гоки Таджима Мейірлан Максимнен жарақат үшін кешірім сұрап, татамиге оралғанын күтетінін айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары