Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды

/
Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды
istockphoto

Жамбыл облысында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Ақбақай" кен орнында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Топ құрамына жергілікті тұрғындар, комбинат қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері кірген.

"Олардың заңға қайшы әрекеттерінен кәсіпорынға келтірілген залал 400 миллион теңгеден асты. Топ ұйымдастырушысы мен оның сыбайластарын ұстау бір мезгілде елдің төрт өңірінде жүргізілді. Жалпы 50-ден астам адам ұсталды", - дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Шамамен 6 кг алтын тәркіленді, кен өңдейтін 8 жасырын цех жойылды.

Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактілері бойынша тергелуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары