Сәтбаев қаласында 13 жастағы қызды көлік қағып кетті

/
Сәтбаев қаласында 13 жастағы қызды көлік қағып кетті
видеодан скриншот

Желіде сұмдық апаттың видеосы тарады. Онда бір көлік жүргізушісінің қызды өткізіп жатқан сәті, ал келесі көліктің оны қатты жылдамдықпен қағып кеткені көрінеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы 16 маусым күні болған. Соққыдан кейін қыз қарсы бағыттағы жолаққа ұшып кетіп, тағы бір көлік қағып кеткен. Алынған жарақаттар салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды.

Полицияның хабарлауынша, жол апаты жаяу жүргіншілер өткелінде болған, бірақ жолда арнайы белгі болмаған.

Осы жағдайға байланысты Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды.

Көлік жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жабылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары